Ақорда

Бауыржан Әленов ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Бауыржан Төлегенұлы Әленов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Бауыржан Әленов 1976 жылғы 8 қарашада Көкшетау облысында дүниеге келген. Білімі бойынша заңгер, заң ғылымдарының магистрі.

Ішкі істер органдарындағы қызметін 1997 жылғы мамыр айында Көкшетау қаласы Ішкі істер Бас басқармасына қарасты МҚКБ полициясының полиция батальоны болып бастаған. Әртүрлі қызметте істеді.

2013 жылы Ақмола облысы ІІД Көкшетау қалалық ішкі істер басқармасының бастығы болып тағайындалды.

2015-2018 жылдары Ақмола облысы Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары болып істеді. Одан кейін Ақмола филиалы басшысының бірінші орынбасары болды.

2019-2021 жылдары – Қазақстан ІІМ жетінші департаментінің бастығы.

2021 жылдың қаңтарынан бастап – Қазақстан ІІМ жедел қызмет департаментінің бастығы,

2022 жылдың қаңтарынан бастап Алматы облысының полициясын басқарған.